Жаңа жылдық корпоратив


Armata Catering дайындайтын Жаңа жылдық банкет – бұл әрқашан Сізге біздің білікті аспаздарымызбен әзірленген және таңдаулы ыдыстарда берілетін жасаң, тәтті тағамдар, бұл әрдайым кәсіби-даярланған және кез келген уақытта көмектесуге дайын сыпайы, тілектес және ақ пейілді даяшылар, бұл сапалы дайындалған және егжей-тегжейлеріне дейін ойластырылған іс-шара!

Біздің тәжірибеміз бойынша, жаңа жылдық корпоратив – бұл кез келген компания өміріндегі ең негізгі, шулы және көңілді іс-шара, өйткені алдыда тек мерекелер, шаттық пен көптен күткен демалыс, сондықтан жаңа жылдық корпоративтердің ұзақтығы 10, кейде 12 сағат болуы мүмкін!

Сондықтан, оны ұйымдастыру арзанға түспейді, бірақ көп уақытқа дейін есте қалатын рақат болады. Ал барлығы ойдағыдай болу үшін, біздің Armata Catering компаниясының көмегімен көшпелі жаңа жылдық банкетті ұйымдастыруыңызға болады. Бізбен мерекеңіз жылы естеліктерге толы болып, жоғары деңгейде өтеді.

Жаңа жылдық банкетті жүргізу ережелері

Жақсы және көңілді уақыт өткізудің кепілі болып дұрыс ойластырылған мерекелік меню мен оны дәмді етіп жүзеге асыру болатындығына сөз жоқ. Біздің кейтеринг компаниямызда ең жақсы аспазшылар мен шеберлер жұмыс істейді, сондықтан біз қызметімізге тапсырыс бергеніңіз үшін өкінбейсіз деп үәде береміз.

Жаңа жылдық банкеттің қалыпты отырыстардан айырмашылығы болатындығы туралы айтып кету қажет. Оған көптеген қонақтар қатысады. Сондықтан, аспазшылардың міндеті – мерекелік тағамдарды тез және дәмді әзірлеу, ал даяшылардың мақсаты – бәрін үстелге дер кезінде әкеліп беру. Бірақ бұл осындай банкеттерді жүргізуге қойылатын талаптардың барлығы емес. Өзге ережелер де бар:

  1. Қызмет көрсетудің екі түрі болады – толық және толық емес. Мұндай іс-шараны жүргізу кезінде толық қызмет көрсетуге тапсырыс беру қажет. Сонда даяшылар әрдайым қасыңызда тұрады. Сусыны бар бокалдар бос болмайды. Ал егер шақырылған қонақта тағамның құрамы жайлы сұрақтары пайда болса, даяшылар әрқашан хабардар етіп, барлық қоспалар туралы айтып береді.

  2. Жаңа жылдық банкет 3 сағаттан кем емес уақытқа созылуы мүмкін.

  3. Үстелдегі тағамдардың саны көп болуға тиісті және олардың барлығы әртүрлі болуы қажет.

  4. Алкогольсіз және алкогольді ішімдіктер көп түрлі болуға тиісті.

  5. Қонақтардың нақты саны мен олардың талғамын алдын ала білу, оларды жайғастыру үшін, және үстелдің бөлек жерлеріне белгілі тағамдарды беру мүмкін болу үшін қажет.

  6. Ыдыстарды даярлауға ерекше назар аудару керек. Олар мерекелік, жаңа жылдық болуы қажет.

  7. Тағамдардың берілу тәртібі жақсы ойластырылуға тиісті. Қонақтар жинала басталған кезде, үстелдің үстінде салқын жеңіл тамақтар қойылып тұруы қажет. Ал ыстық жеңіл тамақтарды қонақтар үстелге отырғаннан соң 30 минут өткеннен кейін беру қажет.

Жаңа Жылға қызметкерлеріңіз үшін ұмытылмас банкет жасағыңыз келеді ме?

Біздің компаниямыз сізге кез келген форматтағы банкеттерді ұйымдастыру бойынша сапалы, және айтылуға қажетті, қолжетімді қызметтерді ұсынады. Сіз қалай қарапайым жаңа жылдық түскі ас болса, солай, өтіп бара жатқан жылдың ең жарқын оқиғасы болатын, сәулетті гала- кешкі асқа тапсырыс бере аласыз. Банкетіңіздің қалай өткізілуі қажет екендігі туралы қалауыңызды айтсаңыз, сіздің барлық тілектеріңіз кәсіпқой командамызбен жүзеге асырылатын болады.

 

Жазылым

Ағымдағы жаңалықтардан хабардар болғыңыз келсе, біз жаңалықтарға жазылуды ұсынамыз.